f7ba0224-4426-41c0-92cb-0a9b49f76385

ҚҰРШАСАЙЛЫҚ КУРСАНТТАРҒА ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ДӘРІС

Шілденің 29-шы жұлдызында «Аңсар» орталығының теолог мамандары С.Жидебаев, Қ.Имағанбетов Құршасай ауылында курсанттарға арнап теологиялық дәріс өткізді.

Дәрісте «Исламның Қазақ жеріне келу тарихы», «Қазақстандағы діни ахуал», «Жат ағым белгілері», «Жат ағымдардан қорғану жолдары» айтылды.

Аталмыш тақырыптардың біріне тоқталсақ: Қазақ халқы Ислам дінін шамамен 1300 жыл бұрын қабылдаған, яғни VІІІ ғасырда. Көк Тәңірін жалғыз деп білетін көшпелілер дүниетанымы мұсылмандық дүниетаныммен, ислам мәдениетімен ұштасып жатты. Сондықтан да қазақ салт-дәстүрі мен дүниетанымы Ислам дініне кереғар емес, керісінше үндесіп жатады.

Комментарии закрыты.