Рисунок3

ӘСКЕРИЛЕРГЕ ТЕРІС АҒЫМҒА ҚАРСЫ ТҰРУ ЖОЛДАРЫ АЙТЫЛДЫ

«ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде» орталығымыздың теолог маманы Нұрбол Аханұлы теріс ағымға қарсы тұру, экстремизм және терроризмді болдырмау жолдары, әскери бөлімде қылмыстың алдын-алу тақырыптарында кездесу өткізді.

Кездесудегі айтылған теріс ағымға қарсы тұру жолдары:
– діни сауатты көтеру, дінге қатысты немқұрайлылық пен сыңаржақ түсініктерді жою. Ақиқи Ислам ілімін кеңінен насихаттау;
– діндегі жұмсақтық пен төзімділікті насихаттау. Бұл әдіс өте тиімді, әрі жылдам әсер етеді. Сондықтан осы әдіс арқылы дәстүрлі діни білім беру;
– жергілікті мешітке бағынып, жамағат арасында алауыздық пен бүлікке (фитнаға) жол бермеу;
— ғаламтордағы иесіз ақпараттар, сенімсіз роликтерден сақ болу;
– дінде шектен шығудан сақ болу. Асыра сілтеуді Ислам діні құп көрмейді.

Әскерилердің дін тұрғысынан қойылған сұрақтарына теолог тарапынан тұшымды жауап берілді.

Комментарии закрыты.