f575315c-e2ff-4ec5-a9ff-3d5dbea7b4c5

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРГЕ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМ СИПАТТАРЫ АЙТЫЛДЫ

Ақтөбе облысының «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» мекемесінің қызметкерлеріне «Аңсар» орталығының теолог маманы Н.А.Панаев деструктивті діни ағым сипаттары, олардың алдын-алу, тәуелді болмау тақырыптарында дәріс-семинар өткізді.

Оқырмандарымыз үшін теолог дәрісінен шағын тезис:
Деструктивті діни ағымдар
– мемлекеттік рәміздерді (әнұран, елтаңба, ту) ширк деп таниды;
– ұлттық салт-дәстүрді бидағат деп санайды;
– шариғат үкімдерінде ұлттық таным, ұлыстың географиялық орналасуын ескермейді;
– діни сананы шектеп, тек өздерінің идеологиясын, уағыздарын дұрыс деп таниды;
— жанұяға, қоғамға қарсы қойып, намаз оқымайтындарды кәпірге шығарады.

Дін мәселесінде сенімді ақпарат пен діни сұрағыңызға жауап алғыңыз келсе «Аңсар» ақпараттық орталығына келуіңізге не әлеуметтік желілерге жазуыңызға болады.
Сенім телефоны: 8(7132) 741-707, 8 776 0 741 707.
Инстаграм: @ansarcn
Фб: https://www.facebook.com/ansarcn
Вк: https://vk.com/ansarcn
Сайт: http://ansar-aktobe.kz

Комментарии закрыты.