e4c38eb0-9e2e-42e4-948d-8e731c55d365

НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА ИСЛАМДАҒЫ КІСІ АҚЫСЫ ТУРАСЫНДА ТРЕНИНГ

Нәзік жандыларға Ембі қаласының «Нұр» мешітінде, Қандыағаш қаласының «Нұртай» мешітінде «Аңсар» орталығының теолог маманы Р.Мералы семинар-тренинг өткізді.

Тренингте көтерілген тақырыптың бірі Исламдағы кісі ақысы. Кей ғалымдар оны бес топқа бөледі: –Дүние-мүлік, малға қатысты ақылар (кісінің еңбек ақысын жеу, ақшасын тартып алу, ұрлап алу, малдың кемшілігін жасырып сату, біреудің мүлкіне зиян келтіру, пара беру, пара алу, т.б.); – Өмірлік ақылар (кісі өлтіру, ұрып-соғу, біреудің дене мүшелеріна, ағзаларына жарақат салу, мүгедек ету, т.б.); –Ар-намысқа қатысты ақылар (біреудің ар-намысына тию, жағымсыз сөз, өсек-ғайбат айту, жала жабу, боқтау, дөрекілік таныту, т.б.); –Махрамға жататын ақылар (біреудің құрсағындағы немесе дүниеге әкелген бала-шағасына қатысты ақылар, яғни біреуден туған баланы екінші біреуден деп бүлік шығару); –Дінге қатысты ақылар (ер адамның өз отбасын иманға шақыруы, мұсылманның бес парызын т.б. ислами құндылықтарды үйретуі, т.б.).

Бұдан бөлек қыз-келіншектер, әйел жамағатына «Жат діни ағым сипаттары» жөнінде де дәріс оқылып, түрлі бағытта психологиялық тесттер мен тренингтер өткізілді. Келуші қыз-келіншектер берілген білім, тыңғылықты дайындық, қызықты формат үшін тренинг спикеріне риза болып тарқасты.

Комментарии закрыты.