ЛЛ

«ҚҰРБАН АЙТ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

«Құрбан айт» мерекесіне орай Ақтөбе облысының дін істері басқармасы «Аңсар» орталығы және ҚМДБ өкілдігі бірлесе отырып мешіт жамағаттары арасында футболдан облыстық турнир өткізуде. Турнирге қатысушылар шілде айы бойы Ақтөбе қаласы мен 12 аудандарында өткен лига жеңімпаздары.

Облыстық турнирге 11 команда қатысуда. Оның екеуі Ақтөбе қаласынан «Қабақ баба мешіті» және «Қалалық мешіт» командалары. Және Алға, Ырғыз, Хромтау, Темір, Әйтеке би, Байғанин, Мұғалжар, Қобда, Шалқар аудандарынан 9 команда. Барлығы мешіт жамағатынан 105 адам қатысуда.

Сәл уақыттан соң ала доп додасынан үздік шыққандар анықталып,
І орын – екіжақты тақта;
ІІ орын – булы үтік;
ІІІ орын – термопот шәйнегі табысталады.
Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинациялары белгіленіп, арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Комментарии закрыты.