321A9073

ӘСКЕРИ ИНСТИТУТТА ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Қарулы Қарулы Күштерінде әскери ортаға деструктивті идеялардың кіруінің алдын-алу бойынша өткен онкүндік аясында «Аңсар» орталығының теолог маманы Н.Аханұлы Әскери институтта жеке құраммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Діни ағымдардың қоғамға ықпалы» тақырыбы көтеріліп, діндегі шектен шығушылық себептері де көрсетілді. Атап айтсақ:
– сауатсыздық, дінді және оның ғылымын өте төмен деңгейде түсіну;
– діндегі негізі қағидаларды ескермей, ешқандай рұқсаты жоқ жалған ғалымдардың оңды-солды үкімдері мен пәтуаларына көзсіз илану;
– өз ынтасы мен құлшылығын артық көріп, басқаларды менсінбеу, тәкапарлану;
– өздеріне тиесілі ғана түсінікті қабылдап, басқа көзқарастағыларды айыптау. Шын мәнінде Ислам тарихында өткен ғұламалар ілімде өте кең көзқараста болған.

Кездесу соңында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы құрастырған шағын кітапшалар мен бүктемелер таратылды.

Комментарии закрыты.