424a3061-0153-4927-974a-0f94a92045f3Л

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТАЛАПТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мұғалжар ауданында «Өрт сөндіру» бөлімі және «Әскерилендірілген теміржол күзеті» мекемесінің қызметкерлеріне «Аңсар» орталығының теолог маманы С.Жидебаев «Діни тұрақтылық – бейбітшілік пен рухани даму кепілі», «Ислам діні – бейбітшілік діні» тақырыптарында кездесу өткізді.

Бейбітшілік пен татулық кепілі – діни тұрақтылық турасында ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңы не дейді?! Қысқаша мәлімет келтірсек:
1-тарау. 3-бап
1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген [егер дiни бiрлестiктердiң қызметi ҚР заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды]; 2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең;
3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді;
4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады;
5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.

Комментарии закрыты.