овсч

МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛА ДОП ДОДАСЫ АЯҚТАЛДЫ

«Құрбан айт» мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысының дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және ҚМДБ өкілдігі бірлесе отырып Ақтөбе қаласы және 12 аудандарда мешіт жамағаттары арасында шілде айы бойы өткізген лига және облыстық турнир өз мәресіне жетті.

Аталмыш лига және турнир мақсаты:
– жергілікті мешіт жамағаттарымен тығыз қарым-қатынас орнату, ауызбіршілікті нығайту;
– салауатты өмір салтын насихаттай отырып, бос уақытты тиімді пайдалану;
– жамағаттардың қоғамдық қызметтерге атсалысу белсенділігін арттыру.

Шілде айы бойы қала және облысымыздың 12 аудандарында бір деммен ұйымдасып өткен лига, күні кеше тартысты да, қызықты болып, 9 сағатқа созылған турнир жоғарыдағы мақсаттың орындалғанын дәлелдейді. Қатысушыларға мың алғыс!

Комментарии закрыты.