68672597_2336575966670864_2116734203306442752_n

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН «АҢСАР» ҰЖЫМЫ ҚОЛДАДЫ

#ТазаҚазақстан экологиялық акциясына «Аңсар» ұжымы да бей-жай қарамай, қала тазалығына үлес қосты.

Темір жол бойы, Тургенев көшесі қоқыстан тазаланып, жер беті бір бусанып қалды. «Аңсар» ұжымы және барша табиғат жанашырлары қала тұрғындары мен қонақтарын экологиялық мәселеге салғырт қарамауға шақырады.

Келер ұрпаққа қалдырарымыз да, өзіміз өмір сүріп, ауасын жұтар да қоршаған орта, табиғат ана. Өз қамымыз бен келер ұрпақ қамы үшін табиғатты аялай білгеніміз жөн.

Комментарии закрыты.