лшегв

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ ҮЗДІК ҮШТІГІ

Мешіт жамағаттары арасындағы облыстық турнирдің өту барысын бағамдаған қазылар алқасы мен білікті мамандар 113 адам арасынан турнирдің үздік үштігін анықтады.

«Үздік қақпашысы» номинациясымен сәтті ойын көрсетіп, өз қақпасын шебер қорғай білген «Алға аудандық мешіті» командасынан Тажекенов Абзал Айбекұлы марапатталды.

«Үздік шабуылшы» номинациясымен турнир барысында үздік ойын көрсетіп, сұрмергендік танытқан «Ырғыз аудандық мешіті» командасының ойыншысы Қосмұратов Абылай марапатталды.

«Үздік қорғаушы» номинациясымен шеберлігімен көзге түскен Темір ауданы, Кеңкияқ ауылы «Ырысты ана» мешіті командасынан Сексенбаев Жасұлан марапатталды.

Комментарии закрыты.