Рисунок1

АЛҒА ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚТЫҢ ҚАСІРЕТІ ЖЕТКІЗІЛДІ

Алға ауданында «Аңсар» орталығы 2 күндік іссапарда болып, жұртшылыққа діни сауатсыздықтың салдарын түсіндірді. Аталмыш түсіндіру тобының құрамында орталық мамандары Разақов Н.Ш. және Такеев Н.П. болды.

Іссапар барысында қазіргі таңда орын алып жатқан діндегі асыра сілтеушілік пен шектен шығушылық мәселелері атап көрсетілді. Осы мәселелерді сіздерге де санамалап ұсынамыз:
– күпірлік және көпқұдайшылдықпен айыптау (такфир, мүшрік);
– ақиқатты иемдену («тек мен ақиқаттамын қалғандары адасқан»,-деген түсінікте болу);
– Ұлы Жаратушымызды жаратылғандарға (мақлұқ) ұқсату, жаратылғандардың сипатымен сипаттау;
– Басшылыққа қарсы шығуға шақыру;
– Бүкіл үмбет мойындаған және мақталған ғалымдарды дінсіздік пен адасушылықта деп айыптау;
– Бүкіл әлем ғылымдарының ортақ пікірін (иджма) жоққа шығару;
– Жазықсыз қантөгістер мен алауыздықты, бүлікті(фитна) тарату т.б.

Бұдан бөлек «Экстремизмнің алдын алу – азаматтық борыш», «Діни экстремизмнің таралу жолдары», «Вахабизмнің белгілері және тармақтары» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Комментарии закрыты.