5b5b059e-7185-419d-b9ef-8b213b041ef7

ӨҢІРЛІК ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ОБЛЫС ӘКІМІ 100 ГРАНТ БӨЛДІ

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі сұранысқа ие мамандықтарға арнайы бөлген 100 гранттың иегерлерін анықтау бойынша комиссия отырысын өткізді. Аймақ басшысының төрағалығымен болған жиынға облыс әкімінің орынбасары, комиссия мүшелері, басқарма басшылары қатысты.

100 гранттың 8-і Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Ақтөбе облысынан діни мамандарды дайындау мақсатында бөлінді. Аталған университетке Ақтөбеден 19 талапкер грант иегері атанды. Бұл болашақта өңірімізді сапалы және білімді кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Комментарии закрыты.