Безымянный

«АҢСАР» ЕРІКТІЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

«Аңсар» еріктілері «Ақтөбе қайырымды жандары» @aktobe_kaiyrymdy_jandar еріктілер тобынан «Білім баршаға» атты қайырымдылық эстафетасын қабыл алды. Осы эстафета аясында Ақтөбе облысы дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының қолдауымен екі бүлдіршінді мектепке даярлап, оқу құралдары және мектеп формасымен қамтамасыз етті.

Әрі қарай эстафетаны қаламызда белсенді, қоғамға ықпалы бар @aktobe_zello@jasaqtobeпарақшаларына, «Алтай» @altay_market, «Арай» (#Арайбазары), «Астана» (#Астанабазары) базарларының әкімшілік бөлімдеріне, «Нұр шапағат», «Мейірім», «Үміт нұры» еріктілер топтарына, «Асхана-1» @chaihana_aktobe, «Еуразия» @cafeeurasia, «Тағам» @tagam_kazakhstan дәмханаларына, «Ақтөбе арзан» @super.arzan желілік дүкендерінің әкімшілік бөлімдеріне жолдаймыз.

Білім жолына қадам басқан бүлдіршіндерімізге жәрдем етіп, сауабы сарқылмайтын садақаға атсалысыңыз, ағайын!

 

Комментарии закрыты.