4dc3615d-d632-4494-8758-0a5c0ff41712

«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Ақтөбе қаласы бойынша «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы басталды. Жоба аясында «Аңсар» орталығының теолог мамандары Панаев Н., Имағанбетов Қ. полиция қызметкерлеріне «Адасушылық белгілері мен сипаттары» тақырыбында дәріс өткізіп, сұрақтарға жауап берді.

Адасушылық белгілері:
– Діни догмалардың ерекше екендігі туралы идеалардың болуы;
– Адамдарды шынайы иман келтіргендерге, діннен шыққандарға, адасқандарға бөлуі;
– Зайырлы қағидалар мен тәртіпті, заңдарды мойындамау, беделін түсіру;
– Өз тәлімгерін(идеологын) сөзсіз қолдауға дайын болуы;
– Тәуелсіз, сыни тұрғыдан ойлай алмау.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы 1 ай бойы жалғасады.

Комментарии закрыты.