Рисунок1

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТУРАСЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

Теміржолшыларға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары Разақов Нұрмұхаммед, Панаев Нұрбол «Діни тұрақтылық қоғам қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында кездесу өткізді. Мамандар теміржолшылар сұрақтарына жауап беріп, ел тыныштығын бұзатын теріс ағымдардар сипаттарына тоқталды.

Теріс ағым шырмауына түсушілердің белгілері:
– діни догмалардың ғылыми түсіндірілуінен бас тарту, мәзхабтарды мойындамау;
– ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жоққа шығару, оларды ұстанудан толықтай бас тарту;
– дүние игіліктерінен, қоғамдық институттардан, соның ішінде отбасынан бас тарту;
– діни талаптар мен рәсімдерге байланысты неке қию, ажырасу туралы шешім қабылдау.

Комментарии закрыты.