9dbc7b67-24d1-4642-ab74-d674b0e31aa0

САЛАФИЛІК ТОПТАРДЫҢ АДАМ САНАСЫНА ӘСЕР ЕТУ ӘДІСТЕРІ – ТЕОЛОГ ДӘРІСІ

Елімізге танымал, тәжірибелі теологтар Сабдин Асқар Кәрімжанұлы, Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы «Қазіргі таңда салафилік көзқарастың жастар арасында кең таралуының себептері мен салафилік топтардың адам санасына әсер ету әдістері» турасында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында дәріс өткізді.

Аталмыш топтардың халыққа, адам санасына әсер ету әдістері:
• Ислам ережелерін мақсатты түрде бұрмалап түсіндіру: – «Намаз оқымайтындар – кәпірлер» деп шариғат пен фикх секілді мұсылмандық құқықтың шынайы ережелерін есепке алмау;
– «Алла тағала түсірген заңмен үкім жүргізбегендер – кәпірлер немесе тағуттар» деп бұл ереженің мағынасын бұрмалап түсінгенімен қоса, оны тура қабылдап, бұлжытпай орындауды талап ету;
– «Әл-уәлә уә-л-бара» қағидаты (жақсы қарым-қатынаста болу және қатыспаушылық) мұндағы қатыспаушылықтың мәнісі күнәдан алшақ болу деп емес, радикалдар құптамағандардың барлығына өшпенділік көрсету деп түсіндіріледі).
• Теологиядан хабары бар, теріс идеологиядан қайтара алатын адамдарды өз топтарына жақындатпау, сондай-ақ «аманат» (топтың «құпияларын» жамағаттан тыс шығармау), «ғайбат» (яғни, басқа біреудің тарапынан сын айтылғанда, радикалды топ басшыларының беделін қорғау үшін, олар туралы «жалған өсек» айтылмауы керек деген ұстанымда болу) және басқа да ұғымдарды арнайы бағытталған мағынада пайдалану.

Сонымен қатар «Үш негіз», «Төрт қағида», «Китабут-таухид» (Таухид кітабы), «Исламды күмәнді нәрселерден арылту» секілді әдебиеттердің адам баласын радикалдандырудың алғышарттары екендігін дәлелдеді.

Комментарии закрыты.