cbf27a0d-a0ae-477d-8f0a-4dbe02a40558

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Ақтөбе қыз-келіншектері, сіздер үшін көптен күткен тамаша жаңалық! Ақтөбе облысы дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен 30-31 тамыз көпшіліктің сұрауымен қыз-келіншектерге арналған «ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ» атты семинар-тренинг.

Бұл тренингте:
Исламдағы әйел баласының құқығы мен міндеттері;

Әйелдің қоғамдағы рөлі;

Бала психологиясының ерекшелігі;  Қарым-қатынас психологиясы;
Исламдағы тайм-менеджмент;
Әйелдің рухани дамуы;
Әйел нәзіктігінің артықшылығы туралы т.б. ислам, ұлттық таным призмасынан өткен құнды, тың ақпараттар айтылады.

Семинарға Алматыдан арнайы шақыртумен «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінен @nmu_kz кәсіби, білікті мамандар келеді.
1. Кеңесбаева Айша Аманқызы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, гуманитарлық ғылымдар магистрі, исламтанушы, дінтанушы @aisha01hanum.
2. Дуанаева Шұғыла Ерубайқызы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, психолог. Базалық психологиялық курстың негізін қалаушы @shugyla.psiholog .
Және өздеріңізге көптен таныс
3. Әділханова Эльмира Қайырғалиқызы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы @ilmirakairgali .
4. Раушан Мералы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы @meraly58.

«Ана- бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді». Ендеше бағасы құнды, форматы көңілді, бастысы өте пайдалы семинар-тренингтен қапы қалмаңыздар, ханымдар! Семинар-тренинг тегін.

ОРЫН САНЫ ШЕКТЕУЛІ! Сондықтан тезірек ватсапқа жазып, алдын-ала тіркеліңіз. Өтетін орны, уақыты туралы толық ақпарат тіркелу кезінде беріледі.

Тіркелу нөмірі: +77760741707 (тек қана ватсап).

Комментарии закрыты.