Рисунок1

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРІ ДІНІМЕН АСТАСЫП ЖАТАТЫНЫНЫҢ ДӘЛЕЛДЕРІ

Шаңырақтың ұйытқысы саналатын аруларымызға «Ұмыт боп бара жатқан салт-дәстүрлеріміз» тақырыбында рухани-танымдық, ұлттық тренинг өтті. Тренинг «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы мен «Аңсар» ақпараттық орталығының қолдауымен С2 коворкинг орталығында өтті. Тренинг спикері теолог Р.Мералы халқымыздың салт-дәстүрлері ғасырлар бойы ислам қағидаларымен біте қайнасып кеткенін, көп жағдайда өзіміз дәстүрдің шығу төркінін, шынайы мәнін білмегендіктен ниеті бұзық радикалды топтар дін мен дәстүр бірлігіне шабуыл жасап, ел бірлігіне орасан нұқсан келтіріп жатқанын жеткізді. Жат ағымдарға қарсы тойтарыстың тиімді тәсілі – қазақы болмыстың өз құндылықтарын тану, дін мен дәстүр бірлігін түсіну, өз өзегімізге қайту, талай ғасыр ислам құндылықтарымен өмір сүрген бабадан қалған дәстүрді ниеті бұзық ағымдардың «ширк», «бидғат» деп айыптауына қарсы иммунитет қалыптастыру.

Дәстүріміздің дінімізбен астасып жататының нақты дәлелі – мақалдар. Оқырман назарына осы дін мен дәстүрдің селбескен айқын тұстарын мақалдар арқылы ұсынамыз.

Хадис: «Алланың атымен басталмаған әрбір маңызды сөз бен іс шолақ». Қазақ мәтелі: «Сөздің басы бісміллә, бісмілләсіз іс қылма».

Құран Кәрімде: «Мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән».
Қазақ мақалы: «Кірсіз – ай, мінсіз – бір Құдай».

Хадисте: «Қайда болсаң да Алладан қорық».
Қазақ мақал-мәтелдері: «Халықтан ұял, Құдайдан қорық»; «Құдайдан қорықпағаннан қорық».

Хадисте: «Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле». Қазақ мақалы: «Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады»

Құран Кәрімде: «Әлемдердің Раббысы Алла қаламаса, қалай алмайсыңдар». Қазақ мақалы: «Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады».

Комментарии закрыты.