88715dc3-9c83-4c82-9b8e-dc684a5a496e

OPEN DAY АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Конституция күніне орай «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және Ақтөбе облысының Нотариаттық палатасы бірлесіп ұйымдастырған Open Day ашық есік күні өз мәресіне жетті.

Тегін кеңес беру барысында тұрғындар заң өкілдерінен • жер мәселесі;
• мүлік бөлінісі;
• алимент төлеу;
• өсиетнама қалдырылмаған жағдайдағы мұра бөлінісі; • өзгеге көмек ретінде алынған нәсиені алушы төлемеген жағдайдағы әрекет; • кәмелетке толмағандардың ісі, т.б. сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Әртүрлі себептермен ашық есік күніне келе алмағандар «Аңсар» орталығының байланыс телефонына хабарласып, тиісті мамандардан тегін кеңес алды.

Аталмыш шара заң өкілдерінің кәсіби кеңесі көпшілік тұрғындарға, жамағатқа қажет екендігін дәлелдеді.

Комментарии закрыты.