Рисунок1

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ-ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Repost @din_hromtau
Тамыз айының 28 – жұлдызында облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Хромтау ауданына арнайы келіп, Көктау, Көктөбе, Аққұдық және Бөгетсай ауылдық округтерінде кездесу өткізді. Кездесуге дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Жандәулет Сулейменов, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин және Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жайнагүл Ракишева қатысты. Мақсатты өткен кездесуде діннің қоғамдағы рөлі , бірлікке емес бүлікке бастайтын жат ағымның жетегінде жүріп, іріткі тудыратын жағдаяттардың алдын алу, дәстүр мен діннің сабақтастығы, ата-анаға құрмет,отбасы жарасымы жөнінде өз ойларымен бөлісіп, жиынға қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар, Хромтау аудандық Нұр мешітіне арнайы барып, шам намазынан соң мешіт жамағатына уағыз айтты.

Комментарии закрыты.