Рисунок3

МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫНА ДӘРІС: ЖЕТКІНШЕКТІ ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ

Ақтөбе қаласының №4 мектеп ұжымына «Аңсар» ақпараттық орталығының теолог маманы Нұрбол Аханұлы «Жеткіншектерді жат ағымнан сақтау жолдары» тақырыбында дәріс өткізді.
Жат ағымға шырмалған жанның әр түрлі психологиялық кезеңдерден өтеді. Бұл кезеңдерді шартты түрде төртке бөліп қарастыруға болады:
1. жат ағыммен алғашқы байланыс орнату. Бұл кезеңде радикалды идеологтар қызметін адал, дұрыс етіп көрсетіп, өз жамағаттарына қосу үшін өздерінің дінге беріктігн, әрқашан көмекке дайын екендіктерін дәлелдеуге тырысады.
2. арбаушыларға толық сенім білдіріп, діни ұйымның мүшелігіне кіреді. Осы кезде жат ағым идеологтары «біздің ұстанымыз ғана ақиқат», «шынайы бақытқа біздің топ қана жетеді» деп өз ойларын таңады. Басқа ақпараттардан оқшаулайды.
3. бұл кезеңде деструктивті топ ішінде психологиялық өңдеуден өткен, басқа ақпараттан оқшаулан адам топ мүшелеріне бауыр басып, өз өмірін топ мүддесіне арнайды. Бұл топтан тыс туысқандарын, қоғамды, мемлекетті жат санайды.
4. ұйымның мүддесі үшін жанын да, малын да құрбандыққа шалуға даяр болады.
Жас жеткіншектерді бұл кезеңдерге жеткізбей, мінезінде өзгеріс болған кезде досындай сырласа білу, дінге қызығушылық танытқан кезде мешіт имамы немесе білікті теолог мамандарға апарып дұрыс діни ақпарат алуына жәрдемдесу керек.

Комментарии закрыты.