Рисунок1

ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІН ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘРІС

«Аңсар» орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы облыстық олимпиада резервін дайындау орталығының жаттықтырушыларымен кездесіп, «Дәстүрлі емес діни ағымның кері тұстарын» түсіндіріп, олардың дәстүрлі дінге қиғаш идеологиясын ашып көрсетті.

Жат ағым идеологтары ең алдымен адам бойында өз ұлттық танымына, салт-дәстүріне күмән туғызып, оны жоққа шығарумен айналысады. Бұл арзан арандатуға сенбес үшін, әуелі дәстүріміздегі әдет-ғұрыптың шығу төркінін, жасалу мәнін біліп, дін тұрғысынан сауатты болмақ керек. Спортшы қауымға бұндай арандатуға түсіп, жаңсақ оймен жүрген әріптестерінің мысалдары да келтірілді. Мысалы, жеңіс тұғырында еліміздің әнұраны ойналар кезде, жаңсақ ұғымда жүрген кей азаматтар «ән тыңдау харам» дегенді желеу етіп, әнұранды айтпау факторлары тіркелген.

Комментарии закрыты.