1567437247712

ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ХРОМТАУ АУДАНЫНДА ЖҮРГІЗГЕН ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫ

Repost @din_hromtau //
Естеріңізге сала кетсек, 28-29 тамыз аралығында ауданымызға облыстан «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин, Сүлейменов Жандаулет бастаған арнайы топ жұмыс сапарымен келіп, жат ағымның алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. Іс-сапардың екінші күні яғни бүгін Кеншілер мәдениет үйінде ұстаздар қауымымен кездескен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин мен аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Марал Иманғали мазмұнды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Қазақтелеком, орталықаурухана, ішкі істер бөлімі қызметкерлермен, жүздесті. Мамандар жат ағымнан сақтандырып қана қоймай, діни сауалдарға да жауап берді. Шара соңында жат ағымнан сақтандыру мақсатында барлық қатысушыларға ақпараттық парақтар таратылды.

Комментарии закрыты.