1567400925537

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ 2-КҮН «БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ»

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» семинар-тренингінің 2-ші күні «Бала психологиясының ерекшеліктеріне» арналды. Спикер «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің @nmu_kzоқытушысы, психолог Шұғыла Дуанаева @shugyla.psihologАқтөбелік әйел жамағатына бала психологиясының қыр-сырын, ерекшеліктерін түсіндірді.

Адамның тұлға боп қалыптасуы бір демде емес, бала шақтан бастау алатын болғандықтан, ата-ана үшін психолог кеңестерімен бөлісеміз:
• Балаға деген шартсыз махаббат. Балаңызды қандай болса да жақсы көретініңізді айту, іспен көрсету.
• Баланың жақсы істерін бағалау, жақсылығын көре білу.
• Бала өздігінен жасап отырған іске өзі көмек сұрамайынша араласпаңыз.
• Бала сіздің ойыңызша ол затты бүлдіріп алса, дүрсе қоюдың қажеті жоқ. Оның бала екенін ескеріп, дұрыс жасауды көрсетіңіз.
• Баланы ұрып, жазалаудың қате екенін әлем психологтары айтуда.
• Балаңызды көбірек құшақтаңыз, мейірімге, әсіресе ана мейіріміне қанып өссін.
• Бала ана мейіріміне ықыласына бала шақтан бөленбесе, бұл ішкі қажеттілігі өтелмегендіктен, қай жасқа келсе де ана махаббатын, анасының бағалауын іздеп тұрады.

Семинар-тренинг барысында түрлі психологиялық техникалар беріліп, аруларымыз өздерін бала орнына қоя білді. Аудиторияда жылы атмосфера қалыптастырып, жаңа білім, ізденіске ұмтылған әр жамағатқа, тәжірибесімен, білімімен бөліскен спикерімізге алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге сұрақ: Екі күндік семинар-тренинг туралы пікіріңіз, ұсынысыңыз?

Комментарии закрыты.