4444

«ШЕБЕР СӨЙЛЕП ҮЙРЕНЕЙІК» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ТӘМАМДАЛДЫ

Нәзік жандыларға «Жарық» орталығы және «Аңсар» орталығының ұйымдастыруымен тіл шеберлігін шыңдауға арналған семинар-тренинг болып өтті. Семинар спикері Әділханова Эльмира шешендік өнердің алғышарттары, аудиториямен жұмыс, көпшілік алдындағы қорқыныш себептері және онымен күресу жолдары т.б. көптеген пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Әдеттегідей оқырмандарымызға семинар-тренингтен құнды кәдесей қалдырамыз.
Аудитория алдында қысылмай, еркін сөйлеп, шешендігіңізді таныту үшін мына баспалдақтардан өтуіңіз шарт:
Сытқы келбет
Жүріс-тұрыс
Көзбен байланыс
Дауыс ырғағы
Сөйлеу жылдамдығы
Тоқтау техникасы
Әзіл

Семинар-тренингке қатысушылар кеш барысында белсенді болып, ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтарға ие болды. Спикер берген ұлттық шешендік өнер және шетелдік сөйлеу шеберлігі теориясымен танысып, сол сәтте практикаға енгізіп жатты.

Комментарии закрыты.