Рисунок2

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАР СИПАТТАРЫ

«Лотос Ақтөбе» ЖШС қызметкерлеріне «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы және Дін істері басқармасының дінтанушы маманы Ольга Вороневич «Дәстүрлі емес діни бағыттар»,»Псевдосалафилік»,» Таблиғи жамағаттар» тақырыптарын ашып түсіндірді.

Н.Берікұлы аталмыш жат ағымдардың көбею себебі жат ағымдардың 2011 жылға дейін ашық түрде уағыз айтып, көпшілік арасында теріс бағыттағы кітаптардың таралуы екенін айтты. 2011 ж. «Діни қызмет және діни бірлестік» заңына сәйкес қоғамдық орындарда діни уағыздар, діни кітаптар таратуға тыйым салынды. Өйткені діни мағлұмат жазылған бір парақты оқып, әлеуметтік желідегі бір жазбаны оқып, дұрыс-бұрысына көз жеткізбей тарату, өмірде қолдану түрлі жат ағымдар торына түсіруі мүмкін. Сондықтан діни ақпаратты ҚМДБ бекіткен сенімді сайттар мен жергіліктімешіттен алған дұрыс.

Ольга Вороневич өз кезегінде христиандық бағыттағы діни ағымдардың жұмыс жасау, өз ықпалына түсіру әдістерін айтты. Мысалы, түрлі бизнес тренинг, семинар арқылы өз қатарларына тартып, көшедегі кез-келген адаммен іш тарта сөйлеп, проблемаларын сұрап, шешімін бізбен бірге табасыз деп өз қатарларына шақырады.

Комментарии закрыты.