695b89d9-6fc5-4a8c-adfb-e21f6b43fbb0

ЖАТ АҒЫМНЫҢ «СМАРТФОНМЕН» АРБАУ ТӘСІЛДЕРІ

Ғаламторлық желі, смартфон арқылы жат ағым өкілдері өз құрбандарын көптеп табуда. Бұл туралы «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында №15 орта мектепте 9-10-11 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және діни жат ағымдардың арбауынан сақтандыру» тақырыбында «Аңсар» орталығының маманы Н.Шәмшіұлы және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу инспекторы кездесу өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға жат ағым мүшелерінің «смартфон» арқылы арбау тәсілдері мен олардың құрығына түспеу жолдары айтылды:
• ватсап, инстаграм, фб желілері арқылы толассыз келетін иесіз діни ақпараттарды таратпау. Иесіз деп тұрғанымыз ол ақпараттың қай жерден алынғаны туралы мәлімет болмаса. Сенімді діни ақпарат көздері мекеме атын міндетті түрде көрсетеді (ҚМДБ, «Нұр Ғасыр»,»Аңсар» т.б.);
• діни ақпарат іздеп, рухани қажеттілікті қанағаттандырам десеңіз ата-ана, ұстаздармен кеңесіп, дұрыстығына көз жеткен ресми мекемелерге, білім иелеріне ғана барыңыз.

Осы айтылған ақпараттардың шындығына көз жеткізу мақсатында оқушылармен психологиялық тренинг жүргізілді. Жиынға жалпы саны 134 оқушы қатысты.

Комментарии закрыты.