Рисунок3

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ЖӘНЕ «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» БОЛЫП ӨТТІ

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» аясында «Нұр Ғасыр» мешітінің «Руханият» музейі мен мешіт алаңында «Ашық есік күні» және «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» болып өтті.

Аталмыш шаралар тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін кеңінен қамту, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, жамағаттың заң аясындағы сұрақтарына жауап беріп, жұмыс іздеушілерді қаламыздағы бос орындармен таныстыруды көздеді.

Шараға Ақтөбе қаласы әкімдігі құрылымдық бөлімдерінің мамандары, кәсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, білім бөлімі, тұрғын үй қатынастары бөлімі, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Даму» КДҚ» АҚ, мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция басқармасы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары қатысты.

Комментарии закрыты.