Рисунок1

«АҢСАР» ОРТАЛЫҒЫ ТҮСІРГЕН «ӨКІНІШ» БЕЙНЕРОЛИГІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Берікұлы және Облыстық жастар саясаты басқармасының @jasaqtobe бас маманы Кемешов М. Халықаралық қазақ-орыс университетінің @krmu_official студенттерімен кездесті.

Кездесуде «Діни ағымды қалай ажырата аламыз?» тақырыбы көтеріліп, «Аңсар» орталығы түсірген «Өкініш» атты бейнеролигі көрсетілді. Бұл бейнероликте алғаш діни білімді мешіт ұстаздарынан алмай, өз бетінше іздеп, жат ағымның ортасына түскен ақтөбелік азаматтың оқиғасы айтылады.

Комментарии закрыты.