Рисунок3

«ЕРІКТІДЕН КӘСІПКЕРГЕ ДЕЙІНГІ…» ТӘЖІРИБЕ АЙТЫЛДЫ

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ «Еріктіден кәсіпкерге дейін…» тақырыбында жастармен, қаламыздың ерікті топтарымен кездесу болу өтті. Шараның алғысөзін орталық басшысы Н.Берікұлы алып, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жұмысымен, «Аңсар еріктілерін» @ansar_eriktileri мақсатымен таныстырды. Әрі қарай шара барысы «Аңсар» орталығының мамандары мен Татарстанда оқитын, өзге елдегі еріктілер турасында үлкен тәжірибесі бар жерлесіміз Сүндетов Серік Қайырұлы @serik.sunnet «Ерікті деген кім?»,» Еріктіден қалай кәсіпкерге айналды? «сол турасында өз тәжірибесімен бөлісті.

Ерікті дегеніміз… • өзіңдегі білім, уақыт, көңіл арқылы өзгеге пайдалы болу; • жаңа таныс, жаңа мүмкіндік табу; • Европа жұмысқа алар кезде алдымен» бұл адам еріктілер тобында жұмыс жасаған ба?» деп қарайды. Ондағы мәні «егер бұл кісі елге тегін қызмет ете алса, ақша төлегенде екі есе жасайды» деген ұстаным; • еріктілер тек қайырымдылықпен айналысып, ақша жию емес. Өмірлік білім, адамдармен араласуда тәжірибе жинақтайтын орта; • егер мемлекет не басқа мекеме тарапынан төленетін шаралар болса, тегін саяхат; • тегін түрлі сувенир, футболка, т.б.

Ендеше, ерікті болуға асық, жас дос!

Комментарии закрыты.