1d8ae5e7-ba9c-4d8f-88c2-54e178425a9d

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті «Аңсар еріктілері» және барша жастар қауымы! Сіздер үшін көптен күткен жақсы жаңалық!

Жаңа оқу жылы басталып, @ansar_eriktileri құрамындағы топ мүшелері Ақтөбе қаласына келгендіктен және көптеген жастарымыз топ құрамына жаңадан қосылуға ниет білдіргендіктен «Аңсар еріктілері» жұмысын қарқынды түрде жандандырады!

Біздің топта:
– түрлі форматтағы қайырымдылық шаралары өтеді. Және оның қаражаты спорттық турнир, зияткерлік сайыс, тіл клубтары сияқты қызықты да ауқымды шаралар арқылы жиналады;
– теолог, психолог мамандардан тікелей сенімді, дұрыс ақпарат, таза білім;
– түрлі салада жетістікке жеткен, сіздер қалаған қызықты «Кейіпкермен сұхбат»;
– «Аңсар» орталығының ұйымдастыруымен өтетін семинар-тренинг, форумдарға көмектесіп, ішкі жұмыс жүйесін өз көзіңізбен көріп, республикалық, халықаралық дәрежедегі спикерлердің дәрісіне тегін қатысу;
– заманауи, пайдалы, әлемдік, отандық бестселлерлерді бірге оқып талқылау, өмірге енгізу;
– өмірлік мәні бар кинолар қарап, кеңес шәй үстінде пайдалы сұхбат құру. Бұл біздің ұсынатынымыз. Ал, сіз не ұсынасыз, жас дос?! Жалынды жігер, жаңа идея, жақсы ниетпен төменде көрсетілген уақытта, төмендегі мекен-жайға келіңіз!

Өтетін уақыты: 9 қыркүйек, сағат 17:00
Өтетін жері: М.Оспанов,96, «Аңсар»

Комментарии закрыты.