Рисунок2

ЖАС БУЫНҒА ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНДЕГІ ИМАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІ АЙТЫЛДЫ

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 70-мектеп ұжымы мен оқушыларына «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Н.Разақ «Дін және зайырлы қоғам» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, қазақ менталитетіндегі имандылық тәрбиесі туралы кеңінен ақпарат берді.

Қазақ менталитетінде «тәуба»,»сабыр» негізгі ұғымдар болып саналады. Қазақ сабыршыл, тәубашыл халық дейміз. Ал, бұның түп төркіні Ислам дінімен байланысты. Сондықтан жат ағымдардың қазақ дәстүрін, менталитетін мойындамай, исламға жат деуі негізсіз. Ұлы Абай «Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл
Өзгесі Хаққа жол емес» – деп ғибадаттың қандай болмағын төрт ауыз сөзбен жеткізіп кеткен.

Дінді іздеген жас та, кәрі де өзгеге емес, ең бірінші өзіміздің хакім Абай мен Шәкәрім қажыға жүгінгені жөн. Өйткені өзгенікі «озық» деп ойлап шатасып, «тозығына» жолығып жүргендер көпшілік.

Комментарии закрыты.