Рисунок5

ОҚУШЫЛАРҒА ИСЛАМДАҒЫ АТА-АНА ОРНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

№40 орта мектеп оқушыларына «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында «Аңсар» орталығының теолог маманы С.Жидебаев кездесу өткізіп, исламдағы отбасы құндылығы, ата-ана орны туралы сөз етіп, бұл құндылықты, отбасы институтын жалған түсініктерге еріп, аяқ асты ететін жат ағым өкілдері туралы да сөз етті.

Мына хадиске назар аударыңыз: «Алла Тағаланың разылығы – ата-ананың ризашылығында, Алла Тағаланың разы болмауы да – ата-ананың наразылығында». Осы аталған хадисте дін ұстанған жан үшін ата-ана орны, тілегі, сөзі қандай болмақ керектігі айтылған. Және («Исра» сүресі, 23-24) «Раббым, олар мені кішкене кезімде мәпелегендей, сен де оларды мейіріміңе бөлей гөр!» де» деген аят бала үшін ата-ананың мәртебесінің биіктігін көрсетеді.

Комментарии закрыты.