Рисунок2

ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ – ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ БАСТАУЫ

М. Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н. Жаншин және облыстық дін істері басқармасының маманы М. Қалманов діни сауаттылықтың маңызы, ұлттық құндылықтар, жат діни ағым қатері тақырыптарын көтеріп, оқушылар сауалдарына жауап берді.

Діни экстремизм қатері ғаламдық деңгейде көтеріліп, бұл дерт біздің де қоғамымызда орын алуда. Пиғылы теріс жат ағымға дін мамандары, арнайы қызметкерлер бөлек қарапайым жамағат, қара халық та қарсы тұра алады. Қарсы тұру құралы – діни сауаттылық болмақ. Өйткені экстремизм торына түскен топ діни сауатсыздық салдарынан, діни білімнің әлсіздігінен жат ағым өкілдеріне қарсы тұра алмай, ығына жығылуда.

Комментарии закрыты.