74747

ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ДІН МЕН ДӘСТҮР БІРЛІГІ АЙТЫЛДЫ

Облыстық «Жастар» балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Төлеген Өмірзақұлы «Дін мен дәстүр» тақырыбында дәріс оқып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Қазақы мінез бен дүниетанымда ізет пен құрметке ерекше мән беріледі. Осы аталған ізет, құрмет, кішіпейілдік қасиеттері үлкенді сыйлау, келіннің сәлем салуы, т.б. төл дәстүрлерімізде көрініс табады. Бұны намаздағы рукуғ немесе сәждеге жығылумен салыстыру қисынға келмейді. Өйткені келіннің сәлемі табыну ниетінде емес, үлкенді сыйлап, ізет көрсету, батасын алу мақсатында ғана жасалады.

Комментарии закрыты.