47474655

МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Н.Разақов «Дін және зайырлылық» тақырыбында дәріс өткізді.

Кездесу барысында жат ағымдардың ғаламтор желісінде өз топтарына тарту үшін әдейі жылы сөз, астарлы жақсылық жасап, өз құрықтарына түсіретіндері айтылды. Діни білімді арнайы дін саласында оқыған білім иелерінен алу керектігі айтылды. Студенттер өз кезегінде «Аңсар еріктілері» қатарына қосылуға ниет білдірді.

Комментарии закрыты.