logo

«АСТАНА» БАЗАРЫ АЛДЫНДА OPEN SPACE ТЕГІН КЕҢЕС БЕРУ КҮНІ ӨТТІ

Ақтөбе қаласында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және Ақтөбе қаласының әкімдігі бірлесе отырып халық көп шоғырланатын «Астана» сауда үйінің алдында, жамағат арасында тұрғындардың діни, психологиялық, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік мәселелерге байланысты сұрақтарына жауап беру үшін «Open space» форматында тегін кеңес беру күнін өткізді.

Аталмыш шара халыққа жақын болу үшін арнайы «Астана» базары алдында ұйымдастырылып, 100-ден аса тұрғын сұрағына жауап берді. Жұмыс бабымен не уақыт тығыздығынан мекемелерге бас сұға бермейтін әлеумет әр саланың мамандары халық арасына келіп тұрғанда сауалдарына жауап алып қалуға тырысты. Көбінесе қамтылған сұрақтар сенім, дін мәселесі, дәстүрлі дін мен жат ағымдарды қалай ажырату, сенімді діни білім қайдан алу керектігі, жеке кәсіп ашу, несие алу, несиенің пайыздық мөлшері, жерге кезекке тұру, жұмыспен қамту мәселелеріне байланысты болды.

Сонымен қатар, «Аңсар» орталығының жанынан құрылған «Аңсар еріктілері» де бұл шараға тартылып, кітаптар жәрмеңкесінде тегін «Әбу Ханифа және Ханафи мәзһабы», «Ислам тарихы» кітаптарынан 150 дана, «Дін және дәстүр», «Дін және қоғам» кітапшаларынан 100 шақты дана, «Исламдағы жанұя», «Заңды білмеу жауакершіліктен құтқармайды» бүктеме қағаздарынан 200 дана, «Аңсар» орталығының сенім телефоны мен визиткасынан 100 дана таратылды. Қаламызда алғаш ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткен «Open space» форматындағы тегін кеңес беру күні халық тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Комментарии закрыты.