a19b8452-4b32-4449-b25d-5f881b018420

АУДАНДАРДАҒЫ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ КУРСЫ ӨТТІ

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Аңсар» орталығы Ақтөбе облысына қарасты 12 аудандағы әйел жамағатымен жұмыс жасайтын мамандарды тәжірибе алмасу мақсатында коворкинг орталығында жинады.

Кездесу заманауи «Matrix» коворкинг орталығында болып өтті. Кездесу спикерлері «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы және теолог маман Раушан Мақсатқызы аудан мамандарына әйел жамағатымен жұмыс жасаудың маңызын тілге тиек етіп, «Қоғам түзелерде, әуелі әйел түзеледі» деген ойды айтты. Сонымен қатар «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында жүзеге асып жатқан діни, мәдени-спорттық, зияткерлік, психологиялық, қайырымдылық, т.б. бағыттар таныстырылып, аудандарда да осы тәжірибені пайдалануға шақырды.

Комментарии закрыты.