Рисунок3

ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІНЕ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ДӘРІСТЕР ӨТУДЕ

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Сұлтан Жиендебаев қаламыздағы жоғары оқу орындарының жатақханаларында «Дін және Жастар» тақырыбында дәріс өткізіп, жастарды мазалаған, қазіргі қоғамда өзекті деген діни мәселелерге жауап берді.

Аталмыш кездесулердің бірі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің №2,4,5,6 жатақханаларында болып өтті. Жастардың теолог дәрісін тыңдаудағы ынтасы мен діни мәселелерге байланысты сұрақтар қоюда белсенділігі жастар арасында дінге деген қызығушылық жоғары деңгейде екенін тағы бір дәлелдейді. Сондықтан да жас буынға дәстүрлі дін мен дұрыс жолды нұсқар сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көптеп жүргізілгені ләзім.

Комментарии закрыты.