4545

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІНДЕГІ АТА-АНА ОРНЫ АЙТЫЛДЫ

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы мектеп, колледж, университет қабырғасында білім алушылармен кездесіп, діни тұрғыда сенімді ақпарат беруді жалғастыруда.

Сондай шаралардың бірін «Аңсар» орталығының бөлім басшысы Н.Разақ «Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология» колледжінің студенттерімен өткізді. Шара барысында жат ағымның алдын-алу, діндегі салауатты өмір салты және ата-анаға деген құрмет жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Маман сөзінен: «Ислам дінінде отбасы ұғымы сүйіспеншілік пен өзара көмектесу, жанашырлық сезімін қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Ата-анаға тiл тигiзiп, жанын жаралау, көңілге қаяу салу – үлкен күнә. Құранда: «Әке-шешенің екеуi немесе бiреуі кәрiлiкке жеткен болса, оларға «туһ» деп кейіс білдірме. Әрi оларға дауыс көтеріп, айғайлаушы болма, ол екеуiне сыпайы сөз сөйле», – деп ескертедi. (Исра сүресі 23-аят)».

Комментарии закрыты.