21d0283c-45f6-4124-a97c-4df18857ee40

«МЕН СЫЙҒА ТАРТҚАН ОРАМАЛ» АТТЫ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Repost @zharyk__aktobe. Бүгін «ЖАРЫҚ» ақпараттық- консультативтік орталығы ұйымдастыруымен БҮКІЛӘЛЕМДІК ОРАМАЛ МЕРЕКЕСІНЕ орай орамалды аруларға арналған «МЕН СЫЙҒА ТАРТҚАН ОРАМАЛ» атты тамаша кеш өтті.

Бұл кешке жиналған арулар @ansarcn орталығының маманы Қанат Гулзат ханымның басшылығымен орамалға бояумен сурет салудың қыр-сырын үйренді. Сондай-ақ кешке келген қонағымыз Жансұлу ханым жиналған көпшілікке қазақтың ұлттық ою-өрнегі, түрлері, олардың қолданылуы туралы кеңінен мағлұмат берсе , теолог маманымыз Раушан Мералы әр ғасырда, әр ұлтта әйел заты қандай орамал таққанын , оның әр түрлі ұлттық нақышқа орай түрлерін , тарту әдістерін таныстырып , қызықты мәліметтер келтіріп кетті.

Кеш өте қызықты өтіп, жұрт көңілінен шықты. Әр қатысушымыз бұл іске беріле кірісіп , бар өнерлерін салып талғаммен керемет дүниелер жасап шығарды. Кеш соңы ақ дастархан басында жайлы атмосферада, Нұр Ғасыр мешітінің ұстазы Кенжегул ұстаздың » бірлік» туралы әдемі уағызымен ұласты.

Кешке келген қонақтар «‘ЖАРЫҚ»‘ ақпараттық-консультативтік орталығы басшылары мен мамандарына ризашылықтарын айтып, алдағы уақытта да осындай танымдық шеберлік сабақтары жиі болса екен деген тілектерін білдіріп жатты.

Комментарии закрыты.