Рисунок1

ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ, КЕҢЕС БЕРДІ

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сейсенбі күні Ақтөбе қаласында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бірнеше бағыты бойынша азаматтарды қабылдау, сондай-ақ бірқатар кездесулер өтті деп хабарлайлы @aktobegazeti.

Дін және жастар
Жобаның 1-бағыты бойынша облыстық дін істері басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында дін саласының мамандары оқушыларға діни мәселелер туралы кеңінен әңгімелеп, деструктивті діни ағымдардан қашық болуға шақырды. – Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес биыл 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта қолға алынып, жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты — халықтың әл-ауқатын арттыру, өзекті проблемаларды жою, кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Ал жобаның бірінші бағыты бойынша біздің міндетіміз — халықты, әсіресе, жастарды діни мәселелер бойынша ақпараттандыру, деструктивті ағымдардың алдын алу. Бүгінгі күні облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы деструктивті ағымда жүрген азаматтармен жеке-жеке жұмыс жүргізіп, оларды дәстүрлі ханафи мәзһабына тарту бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз, — дейді «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин.
Оның айтуынша, бүгінгі күні облыс жастарының дінге деген қызығушылығы өте жоғары.Орталық жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, қазіргі таңда мешітке баратын азаматтардың 90 пайызы — жастар. Сол себепті өскелең ұрпаққа дін туралы кеңінен ақпарат беру мақсатында орталық мамандары жастармен кездесулер ұйымдастырып, оларға бағыт-бағдар беруде.
Айта кету керек, облыстық дін істері басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері 20 тамыздан бастап облыста «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында жалпы саны 6422 адамды қамтыған 305 кездесу өткізген. Атап айтсақ, олардың ішінде 193-і мекенжайлары бойынша жеке кездесулер болса, 28-і білім беру мекемелерінде, 7-еуі кәсіпорындарда, 3-еуі мемлекеттік органдарда өткен. Сонымен қатар мамандар жамағат арасында 13 семинар өткізсе, құптан намазы уақытында 39 уағыз насихат жұмысын, ал жергілікті тұрғындар арасында 10 кездесу ұйымдастырған. Мешіт қызметкерлеріне 4 әдістемелік көмек көрсетіліп, екі спорттық-мәдени шара өткізген.
— Осы аптада қала әкімдігімен бірлесіп, «Астана» сауда үйінің алдында тұрғындарға діни, психологиялық, әлеуметтік мәселелер бойынша «Open space» тегін кеңес беру күнін өткіземіз. Аталған шараға теологтар, психологтар, жұмыспен қамту саласының мамандары жұмылдырылады, — дейді Н.Жаншин.
Айта кету керек, аталған жоба аясында облыстық дін істері басқармасының мамандары Ақтөбе қаласындағы спорт мектептерінің жаттықтырушыларымен де кездесулер өткізді.
Данагүл ҚАЗИХАН.

Комментарии закрыты.