7864f23c-0ee9-4ee7-bf79-8adea950298f

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Ақтөбе қаласының әйел жамағаты, сіздер үшін республикалық Әзірет-Сұлтан мешітінің ұстазы Нұрғалиева Динара исламдағы қыз баласының, әйел затының әдебі тақырыбында семинар-тренинг өткізетін болады. Семинар-тренинг 2 күннен тұрады.

1-тақырып: «Әдепті елдің қыздары —қырмызы-қызыл жібектей» семинар-тренингі.
Өтетін күні: 19 қыркүйек, сағат 14:00.
Өтетін орны: С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхана, коворкинг орталығы, 1-қабат.

2-тақырып: «Әйел сұлу көрінер әдебімен» уағыз-насихаты.
Өтетін күні: 20 қыркүйек, сағат 14:00.
Өтетін орны: Ақтөбе қалалық орталық мешіті, әйелдер сауат ашу орталығы.

Ескертеміз әр күні көрсетілген уақытта келу міндетті! Пайдалы мәжілістің бір минутын да зая кетірмеңіз!

Толық ақпарат алу үшін: 8 776 074 17 07

Комментарии закрыты.