545646546

ХРОМТАУ АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы және мамандары Хромтау ауданында іссапарда болып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осындай ақпараттық түсіндіру жұмыстарының бірін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Сұлтан Жидебаев ауданда және Тасөткел, Қопа ауылдық округтерінде ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына жүргізді.

Қамтылған тақырыптар «Дін және жастар», «Жат ағымнан сақтану жолдары». Жат ағымға қарсы тұру үшін діни сауатты болмақ керек. Сауаттылықты қажет етер қоғамдағы өзекті сауалдардың бірі – Құран бағыштау мәселесі. Алланың елшісі (с.ғ.с.) сахабалармен отырған уақытта: – Адам өлген соң оның үш амалынан басқасы тоқтатылады, — дейді. Қасындағы сахабалар таңырқап: – Уа, Аланың елшісі! Ажалдың өзі тоқтата алмайтын ол не қылған үш амал? — деп сұрайды. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): – Біріншісі, жүріп тұратын садақасы; екіншісі, тастап кеткен пайдалы білімі; үшіншісі, өзіне дұға етіп отыратын тұяқ қалдырып кетсін, — деп айтады (Мүслим).

Комментарии закрыты.