4747

АУДАНДАРДАҒЫ ДІНИ ПАРАҚШАЛАРҒА ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Ақтөбе облысына қарасты 12 ауданның діни парақшаларына жауапты мамандарға «Әлеуметтік желілерді тиімді жүргізудің әдіс-тәсілдері», » SMM негіздері» бойынша оқыту семинары өтті. Бұл оқыту семинарының мақсаты қазіргі таңдағы жедел ақпарат алмасу ортасы болып отырған әлеуметтік желілердегі сенімді діни ақпарат көздерінің белсенділігін арттыру, әлеуметтік желілердің барша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халыққа дұрыс діни ақпарат тарату.

Аталмыш оқыту семинарында Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Сабырұлы алғы сөз алып, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы аудандардағы діни парақшалар жұмысына жасалған мониторингпен бөлісті. «Талдау және мониторинг» бөлімінің басшысы Эльмира Қайырғалиқызы «Дін мен дәстүр» онлайн байқаулар өткізу тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде орталықтың маманы Г.Қанатова «@ansarcn парақшасына жасалған мониторингпен» таныстырды. Және оқыту семинарына арнайы шақырылған SMM менеджері Айдана Қуандыққызы Әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті

Комментарии закрыты.