11111

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ РӨЛІ

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы және 12 ауданның діни парақшаларына жауапты мамандарға оқыту семинары өтті.
Мамандарға жат ағымның алдын алуда халыққа сенімді діни ақпаратты уақытылы және әлеуметтік желілердің барша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сапалы жеткізудің маңыздылығы түсіндірілді.

12 ауданның діни парақшаларына мониторинг жүргізіліп, жетістіктері айтылып, кемшін тұстарын жоюға бағыт-бағдар берілді. Жыл соңында әлеуметтік желілерде жұмысын белсенді жүргізген орталықтардың еңбегі бағаланатыны да жеткізілді. Бұл оқыту семинарына арнайы SMM маманы шақырылып, мамандарға әлеуметтік желілерді тиімді жүргізудің қыр-сырын түсіндірді.

Комментарии закрыты.