Рисунок2

ШАЛҚАР АУДАНЫНА ЕКІ КҮНДІК ІССАПАР

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы және теолог маманы Раушан Мералы Шалқар ауданында екі күндік іссапарда болып, ауданның әйел жамағаты мен мектеп оқушыларына семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренинг «Ислам дініндегі этикалық және моральдық мәселелет», «Әйел энергетикасын көтеру»,»Қазіргі қоғамдағы деструктивті ағымдардың сипаты»,»Қазақ қоғамындағы ұлттық тәрбие» тақырыптарын қамтыды. Семинар-тренинг Шалқар аудандық Ә. Жангелдин атындағы жоғарғы сынып оқушыларына және «Шафран» кафесінде әйел жамағатына өтті. Аталмыш семинар-тренингтен алған білімдеріне қатысушылар өз алғыстарын білдірді.

Комментарии закрыты.