IMG_1090

25.09.2019

ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бакиров Бауыржан Жәлелұлы Ақтөбеде іссапарда болып, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жұмысымен танысты. Атап айтсақ, «Аңсар» діни-танымдық бағдарламасы және басқа да бейнеөнімдер даярланатын «Ansar» медиа студиясымен, орталық бөлімдерінің жұмысымен, «Аңсар еріктілері» үшін өтіп жатқан сенбілік іс-шаралар мен қайырымдылық істері, теолог, психолог мамандар уақытылы жауап беретін сенім телефоны қызметі, ер, әйел жамағаттарына ұйымдастырылатын мәдени-спорттық, рухани-танымдық шаралар және т.б. бағыттармен танысты.

Бауыржан Жәлелұлы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жұмысына оң баға беріп, Ақтөбе тәжірибесін ерекше атап өтті. Және Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы алдағы қазан айында ұйымдастырылатын «Дерадикаландырудың заманауи тәжірибелері» халықаралық сарапшылар алаңының өту барысымен таныстырып, жоспары нақтыланды . Сонымен қатар, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен болып жатқан басқа да шараларда болды.

Комментарии закрыты.