Рисунок2

«АҢСАР» МАМАНДАРЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Нұр-Сұлтан қаласында «Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш конференцияға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы және теолог маманы Мералы Раушан қатысты.

Конференция кезінде «Талдау және мониторинг» бөлімінің басшысы Әділханова Эльмира Қайырғалиқызы «Жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру бағытындағы Ақтөбе өңірінің оң тәжірибелері» тақырыбында сөз сөйлеп, орталық тарапынан облысымызда жасалып жатқан нақты іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, мамандарымыз «Қазмедиа орталығында» ұйымдастырылған «Әлеуметтік желі арқылы жат ағым өкілдеріне қарсы тұру әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткен семинарға қатысты.

Комментарии закрыты.