Рисунок1

МЕДКОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ХАНАФИ МӘЗҺАБЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Осындай жұмыстардың бірін орталықтың теолог маманы Имағанбетов Қайрат «Ақтөбе медициналық колледжі» студенттеріне өткізді. Қамтылған тақырып: «Ханафи мәзһабының ерекшеліктері».

Араб тілінен «мәзһаб» сөзінің тілдік мағынасы – жол, бағыт, көзқарас дегенді білдіреді. Ал терминдік мағынасы арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннет негізінде шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығы, дінді дұрыс түсіну жолы. Ханафи мәзһабының ең негізгі ерекшелігінің бірі – діни мәселелердің тек қана бір адамның көзқарасымен шектелмей, «шура», яғни кеңес алқасының пікірі негізінде шешімін табуында. Яғни Әбу Ханифа мәзһабының негізгі қағидалары қарамағындағы шәкірттері әрі танымал ғалымдардың көзқарастарымен санасу арқылы қалыптасқан. Жалпы, ақылдасу – исламның бекіткен негізгі ережесі. Және ханафи мәзһабы адам факторына ерекше мән беріп, шариғат дәлелдерінің қатарына әдет-ғұрыпты да қосып, жергілікті халық менталитетін есепке алады.

Комментарии закрыты.